ШЫМКЕНТТІҢ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ЖАҢА HYUNDAI H350 КӨЛІКТЕРІМЕН ТОЛЫҒАДЫ

Шымкентте өткен инвестфорумда Hyundai Trans Auto, қала әкімдігі мен Mayday Kazakhstan компаниясы арасында Hyundai H350 жедел жәрдем көлігінің 103 бірлігін жеткізу туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

Shymkent Development 2018 халықаралық инвестициялық форумы саясаткерлерді, әлемдік және отандық бизнес көшбасшыларын, ірі корпорациялар мен қаржы институттарының басшыларын жинады.

Мемлекеттік-жеке серіктестік аясында «Астана Моторс» ҚМК құрамына кіретін Hyundai Trans Auto қалалық жедел жәрдем қызметінің автопаркін жаңғырту жобасы бойынша құны 13 миллион АҚШ долларын құрайтын үшжақты меморандумға қол қойды. 2019 жылдың тамыз айының соңына дейін компания Шымкент қаласының Жедел жәрдем қызметіне жаңа Hyundai H350 көлігінің 103 бірлігін жеткізеді.

Қазақстанда құрастырылған HYUNDAI H350-Ambulance үлгісі – бұл тиімді және қауіпсіз автокөлік. HYUNDAI H350 сыныптастары арасында өзін жетекші орынға шығаратын техникалық сипаттамаларға ие. H350 үлгісін әзірлеу кезінде инженерлер қауіпсіздік және сенімділік сияқты негізгі тұстарға баса мән берді.

Басты назар науқастарды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікке аударылған, бұл жедел медициналық жәрдем жұмысында маңызды фактор. HYUNDAI H350-Ambulance жайлы автокөлігі дәрігерлік бригаданың күшімен емдеу іс-шараларын жүргізуге, сондай-ақ аурухана дәрігерлеріне тапсырғанша емделушінің жағдайын бақылауға арналған. Жолда шұғыл көмек көрсету кезінде қажетті осы алғышарттардың барлығы ауруханаға жатқызғанға дейін адамдардың өлім-жітімін азайтуға бағытталған.

HYUNDAI H350 жарық-акустикалық жарықдиодты арқалық және кабинадағы басқару пульті, ішкі байланыс және жарқылдауық маяктармен жабдықталған. Жедел жәрдем көлігіне алмалы-салмалы зембілдері бар арба-каталка, сондай-ақ бұғаттау жүйесі бар зембілдерді қабылдауға арналған платформа қоса беріледі.

HYUNDAI Н350-Ambulance – адамдарды ауруханаға тасымалдауға арналған автокөлік қана емес, бұл, ең алдымен, қауіпсіздік, жайлылық және сапа. Бұл үлгі Қазақстанда құрастырылады, әрі HYUNDAI Н350 көлігін Астана Моторс құрамына кіретін Hyundai Trans Auto көлікқұрастыру кәсіпорнынан сатып алуға болады.

Толық ақпарат мына сайтта: www.hyundaitrucks.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Открыть чат