2011 жылдың қаңтарында Алматы қаласында, халықаралық әуежайдың қасында Hyundai маркалы жүк автокөліктерін және автобустарын өндіретін зауыттың ашылуы болды.

Hyundai жүк автокөліктерін және автобустарын өндіру қуаттылығы жылына 10 000 бірлікке дейін құрайды. Кәсіпорынның аумағы 10,13 га құрайды, бос жүкқойманың аумағын қоса өндірістік аумақ 32 422 шаршы метрді құрайды.

10 жылдың ішінде Hyundai Trans Almaty нарықтағы өз позицияларын айтарлықтай нығайтты. Осында кәсіби ұрпақ қалыптасады. Инженерлер, технологтар, электршілер, газбен дәнекерлеушілер – 150 білікті мамандар.

Алғашқы бес жыл жұмыс ішінде Hyundai Trans Almaty Hyundai County автобустарының шанақтарын дәнекерлеу мен бояудың және отандық аспалы жабдықпен жиынтықтылаудың арқасында өндірістегі жергілікті мазмұн үлесін 50%-ға ұлғайтты.

2016 жылы Hyundai Trans Almaty жүк техникасы үшін кабинаның дәнекерлеуін және бояуын игеріп, Қазақстандағы МАЗ маркасының ресми дилер мәртебесін алды. Келесі қадам бортты жүк көліктерін, изометриялық, өнеркәсіп тауарлық фургондарды және басқа автокөліктерді өндіру болды.

Машина жасаудың әлемдік тарихында әрбіреу өзінің жеке толық цикл өндірісін басынан бастап иеленбейді. Автоөнеркәсіптегі техникалық оңалыс ірі түйіндік жинаудан бастап шағын түйіндік жинауға дейін саты-сатымен өтеді. Кәсіпорын эволюциясының барысында кадрлық, экспорттық, инвестициялық әлеуеті өсіп келеді.

2019 жылдан бастап Hyundai Trans Almaty – Қазақстандағы Golden Dragon маркалы жолаушылар көлігін өндіретін және сататын ресми дистрибьютор. Еуро-5 стандартты автобустар Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбедегі бағдарларда қызмет етеді. Осы автобустардың негізгі артықшылықтарының арасында тасымалдаушылар қолданудың сенімділігін, қауіпсіздігін, жайлылығын, экологиялылығын, тиімділігін айтады.

Hyundai Trans Almaty зауыты реанимобильдерді, автобустарды, өрт сөндіру машиналарын, су тасушыларды, эвакуаторларды, жүк көліктерін – адамның күнделікті өмірі мен жұмысы үшін мыңдаған бірлік көліктерді шығарады.