«Астана Моторс» ҚМК құрамына кіретін, коммерциялық техника дистрибьюторы Hyundai Com Trans Kazakhstan жаңа Hyundai EX8 жүк көлігін көплішік назарына ұсынды.
Hyundai EX8 тұсаукесері Астана Моторс автоқұрастыру кәсіпорны аумағында ұйымдастырылды. Іс-шара Hyundai Motor Company компаниясы бірлескен сауда департаменті өкілдерінің, сондай-ақ БАҚ өкілдері мен автоблогерлер және компания клиенттерінің қатысуымен өтті.
Hyundai EX8 коммерциялық техникасының жаңа моделі – аз тонналы жүк көлігі (пайдалы жүк көтергіштігі – 5 тонна) бизнесте сенімді құралға айналмақ. Заманауи конструкция мен жаңа дизайн брендтің инновация мен сапаға деген қарым-қатынасын айқындайды. Жүк көлігі Еуро-5 экологиялық нормасына сай келетін заманауи дизельді қозғалтқышпен жабдықталған және 5-сатылы механикалық БҚҚ-мен жұптасып жұмыс істейді. Жүк тасуға арналған Hyundai EX8 көліктерінің артқы өсі күшейтіліп, автомобильдің курстық орнықтылығы жетілдірілген.
Дистрибьютор Hyundai Com Trans Kazakhstan Hyundai ЕХ8 көлігін астанамызда наурыз айының соңында өтетін Futuroad Expo Astana – Орталық Азия коммерциялық көліктер және жол-құрылыс техникасы халықаралық көрмесінің алаңында өзге модельмен қатар ұсынатын болады.
Толығырақ ақпарат www.hyundaitrucks.kz сайтында