Қазақстандық өндірістен шыққан жаңа 60 экологиялық «сырнай» автобустар қалалық жолдарда өз жұмысын бастады.
Алматы автопаркі «Астана Моторс» компаниясының автомобиль құрастыратын кәсіпорнында өндірілген 18-мертлік 60 жаңа Golden Dragon біріктірілген автобустарымен толысты. Сыйымды Golden Dragon қоғамдық көлікті жеңілдетіп, алматылықтардың қатынас сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Қысылған (сығылған) табиғи газбен (CNG) жұмыс істейтін экологиялық автобустар №38 және тағы басқа жолаушылар ағыны өте көп бағдарларға қызмет көрсететін болады.
Golden Dragon автобустары қоғамдық көліктің басты талаптарына жауап береді – олар сенімді әрі ыңғайлы. Жаңа «сырнайлар» 150 жолаушыға дейін сыйдыра алады, оның ішінде 36-сы отыратын орын. Едені төмен кең автобустар тұрғындар арасында ең көп сұранысқа ие бағдарларға қызмет көрсете алады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арнайы механикалық платформалар қарастырылған, олар арбадағы адамның автобусқа кедергісіз жеңіл кіріп-шығуын қамтамасыз етеді.
Салонның техникалық жабдығы өз бәсекелестері арасында ерекшелене түсуге мүмкіндік береді: салонда қажетті қауіпсіздік, бейнебақылау, ақпараттандыру, диспетчермен байланыс, сондай-ақ қондициялау жүйелері орнатылған.
Жаңа Golden Dragon-ның қозғалтқыштары экологиялық ең таза жанармай – газбен жұмыс жасауға бейімделген. Компания өкілдерінің сөзіне қарағанда, бұл қаланың экологиясына келтірілетін зиянды төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ барлық автобустар Еуро-5 стандартының талаптарына сай.
«Бүгінгі таңда біз жолаушылар мен жүргізушілерге барынша жайлы болуы үшін тасымалдаушылардың барлық сұраныстарын ескеруге мүмкіндік алып отырмыз. Қазақстанда автобус өндіру еліміздегі аса қатты тозып кеткен қоғамдық көліктерді жаңарту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды сәтті жүзеге асыруға көмегін тигізетініне сенеміз», – деп атап өтті «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр НЕСІПБАЕВ.
Шынымен, 12 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келген 6 мыңнан аса автобус Қазақстанның қалаларындағы бағдарларда жүріп келе жатыр. Сондықтан да автопарктерді жаңарту мәселесі өте өзекті. Оны шешу үшін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «БРК-Лизинг» АҚ бағдарламасы іске қосылып, жүзеге асып жатыр. Бұл бағдарлама автобус парктеріне техниканы шарт құнының 15%-ын алдын ала төлем жасай отырып, жылына теңгемен 7% кредиттік мөлшерлемемен 7 жылға қаржы лизингісіне алуға мүмкіндік береді.
«Еліміздің автобус парктері үшін ыңғайлы қаржылық жағдайдың жасалғаны аса маңызды, енді олар техниканы қолайлы шартпен қаржы лизингісіне ала алады», – деп есептейді «Астана Моторс» бас директоры. Отандық өндірістен шыққан Golden Dragon автобустары қазақстандықтарға жақсы таныс – олар Қарағандыда, Алматыда, Шымкент пен Ақтөбеде сәтті қолданылып келе жатыр.
Golden Dragon автобустарының артықшылықтарын тасымалдаушылардың өздері бағалай алулары үшін «Астана Моторс» танысу тест-драйвы бағдарламасын іске қосты. Компания автобус парктеріне сервистік қызметтің түрлі нұсқаларын таңдауды ұсынады. Мобильді сервис аясында «Астана-Моторстың» техникалық мамандары автопарктердің аумағында жұмыстан тыс уақытта, сондай-ақ автобус рейс барысында жолда сынып қалған жағдайда сервистік қызмет көрсететін болады.
Golden Dragon маркалы автобустар әлемнің түрлі елдерінде кеңінен қолданылып келеді. Компаниядағылар қала бойынша қатынастарын ыңғайлы әрі жайлы қыла түсетін жаңа «сырнайларға» алматылықтардың толық көңілдері толады деп сенеді.
Дереккөзі: ZAKON.KZ