Сервисті бізге ұсынуға не себеп:
- Техникалық жабдықтау
Біздің сервистік орталық кез келген қиындық дәрежесіндегі қозғалтқышты диагностикалауға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге керекті ең заманауи құрылғылармен жабдықталған.
- Жұмыстың кешенді сипаттамасы
Біз слесарлық жөндеудің барлық түрлерін жүзеге асыратындықтан, сіздер қызметтер кешенін уақытыңыз бен ақшалай қаражатыңызды үнемдеу арқылы бір жерден ғана ала аласыздар.
- Сапа кепілдігі
Біз сервис бойынша барлық орындалған жұмыстарымызға кепілдік береміз, себебі олардың сапасына сенімдіміз.
- Түпнұсқалық қосалқы бөлшектердің үлкен қоймасы
Біздің үнемі толықтырылып тұратын автобөлшектер қоймамыз – сіздердің қажетті бөлшекті алу үшін ұзақ уақыт күтпейтіндеріңізге кепіл. Біз тек түпнұсқалық жинақталымдарды пайдаланамыз, бұл жөндеу жұмысын барынша сапалы орындап, автомобиліңіздің қызмет ету мерзімін арттыруға мүмкіндік береді.
- Біз үшін шешілмейтін мәселе жоқ
Қызметкерлеріміздің кәсіпқойлығы кез келген қиындықтағы бұзылуларды сауатты түзетуге мүмкіндік береді. Біз жұмыс барысында сыну сипатын барынша дәл анықтап, оны жоюдың тиімді жоспарын құруға мүмкіндік беретін компьютерлік технологияның заманауи әдістерін қолданамыз.
- Икемді баға саясаты
Біздегі баға салыстырмалы түрде орташа екендігіне қарамастан, біздер қозғалтқыштарды бізде жөндету одан да тиімді бола түсуі үшін жеңілдік науқандарын жиі өткізіп тұрамыз.
Қозғалтқышты жөндеу
Автомобильді ұзақ уақыт пайдалану процесінде қозғалтқышты жөндеу мұқтаждығы туындайды. Қозғалтқышты жөндеу – оның тұтынушылық сипаттамаларын қайта қалпына келтірілетін күрделі процесс. 200-300 мың километр шегінен асқаннан кейін, біздің сервис орталығындағы мамандарға жүгініп, диагностика жұмыстарын жүргізуге кеңес беріледі.
Жөндеу жұмысын жүргізудің қажеттілігін анықтайтын қозғалтқыш диагностикасы келесі параметрлер бойынша жүргізіледі:
- Жұмыс барысында шуылдың болуы, ІЖҚ (іштен жану қозғалтқышы) майлау жүйесіндегі қысымды өлшеу. Әдетте, төмен қысым, сондай-ақ ҚБМ (қосиінді-бұлғақты механизм) ішіндегі шуыл сырғыма мойынтірегі, иінді білік мойны мен ішпек қатты ескіріп кеткен дегенді білдіреді. Сонымен қатар, ішпекті бұрау қозғалтқыштың сыналануына алып келеді.
- Газ шығаратын түтіктің шамадан тыс түтіндеуі, сондай-ақ май шығынының артуы. Бұл ақаулар май салғыш қақпақтың созылмалылығының жоғалуымен және май салғыш сақинаның шекті-жол берілетін тозуымен байланысты.
- Төмен компрессия және ІЖҚ қуатының жоғалуы келесілерді көрсетеді:
- ершік беті мен клапан жүзінің тозуы;
- компрессиялық сақинаның шекті-жол берілетін тозуы;
- цилиндр гильза блогы бетіндегі жануыштың қажалуы;
ІЖҚ жөндеу кезінде сервис орталығы қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесі, сондай-ақ диагностика мен жөндеу барысындағы жабдықтар басты рөл атқаратынын есте ұстау керек.
АБҚ жөндеу
Ауыспалы беріліс қорабын жөндеу қиын процесс, сондықтан да оны біздің сервис орталығының мамандарына сеніп тапсырған дұрыс. Себебі, жөндеу жұмысы сапасыз болған жағдайда шығын екі есе артып кетеді. Оның үстіне, тым қымбат жөндеу жұмысына ұрынбау үшін автомобиліңіздің АБҚ диагностика жасап, қызмет көрсететін біздің мамандарға жүгінгеніңіз жөн. Диагностиканы жүйелі түрде жүргізу бұзылуды енді ғана басталған кезінде-ақ анықтауға мүмкіндік береді.
Жүрістік бөлікті диагностикалау және жөндеу
Жолдағы қауіпсіздік көбінесе автомобильдің жүрістік бөлігінің жағдайына байланысты. Аспаға жасалатын компьютерлік диагностика ықтимал ақауларды анықтап, жол үстінде кенеттен бұзылып қалулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Біздің сервис орталығындағы мамандар тек қана озық, заманауи құрылғыларды пайдаланады, сондықтан да бұзылулар барынша дәл анықталады. Диагностика жасалғаннан кейін, сізге бұзылулардың толық тізімі жасалып, оларды түзету бойынша ұсыныстар беріледі. Көптеген жылдар бойы біздің сервис орталығы автомобильдердің жүрістік бөлігінің жөндеу жұмыстарын қатаң түрде сапаның жоғары стандартына сай жүзеге асырып келе жатыр. Біз автомобильдің жүріліс бөлігіне қатысты кез келген қиындықтағы жөндеу жұмысын ұсынамыз.
Біздің мамандар ауқымды профильдегі жұмысты кәсіби және жедел түрде жүзеге асырады:
- жүрістік бөлікті диагностикалау;
- алдыңғы және артқы аспаны жөндеу;
- рөлдік механизмді, тежеуіш жүйесін жөндеу;
- дөңгелек орнату бұрыштарын реттеу.
Біздің сервис орталығымыз автомобильді жөндеуге қатысты жұмыстың барлық түрлеріне кепілдік береді. Жөндеу жұмысының құны тікелей автомобильдің құрама бөліктерінің қаншалықты тозғанына байланысты. Тұрақты түрде жүргізіліп отыратын науқан аясында біз тиімді баға саясаты мен икемді жеңілдіктер жүйесін ұсынамыз.
Майды, сүзгілерді, оталдыру білтесі мен сұйықтықтарды ауыстыру
Сервис орталығындағы білікті мамандарымыз шығын материалдарын ауыстыруды жедел түрде жүзеге асырады. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету автомобильді техникалық аман күйінде сақтау үшін майын, сүзгілерін, білтесін (шығын материалдарын) ауыстыра отырып, кешенді жөндеу жұмысын жүргізу дегенді білдіреді.
Мотор майын әр 10 000 км жүрістен соң, алайда жылына кем дегенде 2 рет: жаз және қыс алдында ауыстыруға кеңес береміз. Тежеуіштік трансмиссиялық сұйықтықты айырбастау әлдеқайда сирек, өндіруші зауыттың нұсқаулығы бойынша жүзеге асырылады. Автомобильді жарамды күйінде сақтауға байланысты жалпы ереже қарапайым: «Сервистік кітапшада сипатталған процедураларды, біздің автоорталықтың нұсқаулықтарын сақтаңыздар, сонда автомобильді пайдалану сізге тек қуаныш сыйлайды». Міндетті операциялар қатарына сүзгілеуші элементтерді ауыстыру жатады. Олардың келесі типтері болады:
- майлы – майдағы зиянды бөлшектерді жояды;
- ауалы – қозғалтқышқа тозаң мен құмның дисперстік бөлшектерінен кіретін ауаны тазартады;
- отындық – отын сақтайтын ыдыстағы тоттың, кірдің, су мен өзге де уақыт өте келе жиналып қалатын қоспалардың бөлшектерін жояды.
- салонды желдететін жүйелер – автомобиль салонына ластың, күлдің, тозаң мен жағымсыз иістің кіріп кетуінен қорғайды.
Қосымша жабдықтарды орнату:
- Өнеркәсіптік тауарларға арналған және изотермиялық фургондарды дайындау және орнату;
- Борттар мен қалқаларды дайындау және орнату;
- Суытқыш (рефрижераторлық) жабдықты орнату және техникалық қызмет көрсету
- Фургондарға гидроборттарды орнату
Арнайы техниканы жөндеу:
- агрегаттарды, түйіндер мен бөлшектерді айырбастау;
- гидрожабдықтарды жөндеу;
- электр жабдықтарын жөндеу:
- электр сымдар жүйесі және кабельді ажыратқыш;
- тоқалғыштар;
- жарық беру, аудиожүйе сигнализация аспаптары.