GOLDEN DRAGON ЭЛЕКТР АВТОБУСЫ – BUSWORLD CENTRAL ASIA 2019 ПРЕМЬЕРАСЫ. ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН ЭЛЕКТР АВТОБУСТАР.

Алматыда өткен халықаралық Busworld Central Asia 2019 көрмесінде Казақстанда “Астана Моторс” компаниясы жинақтайтын Golden Dragon төменеденді электробусы таныстырылды.

Golden Dragon автобустарының модельдері қаланың заманауи қажеттіліктеріне сай. Golden Dragon автобустарының құны 32 млн теңгеден басталады, бұл Казақстандағы ұқсас автобустардың құнынан анағұрлым тиімді баға. Автобустарды “Қазақстанның Даму Банкі” ұсынатын коммерциялық техниканы жеңілдікті несиелеу арқылы сатып алу мемлекеттік бағдарламасы аясында лизингке алуға болады. “ҚДБ-лизинг” АҚ теңгемен бастапқы жарнасы келісім-шарттың 15% құрайтын 7% кредиттеу мөлшерінде 7 жылдық финанстық лизинг қызметін ұсынады. Бағдарламаның мақсаты – Қазақстан Республикасының автобустық парктерін жаңарту.

Busworld көрмеде ұсынылған моделі – габариттік өлшемі 12 м электр төменеденді автобус. Golden Dragon электр автобустары Қытайдың жолаушы тасымалдау нарығында өзін әлдеқашан өте жақсы көрсетіп, көптеген қалаларында қолданылуда. Golden Dragon электр автобустарды өндіру және қолдану саласында жаңалықтарды пайдаланады.

Осы модельдерге жаңа титан-литийлік аккумуляторлар типі орнатылған. Олардың негізгі айрықша сипаттамасы болып, аз салмағы, басқа типті аккумуляторлармен салыстырмалы энергосыйымдылығы және анағұрлым тез қуаттану уақыты – батарея толықтай 4 сағатта қуаттанады және 350 км қашықтыққа жетеді. Golden Dragon осы модельде қуат элементтерін пассивті ғана емес, күрт континентальді климатта орналасқан Қазақстан үшін маңызды, температуралық ауытқулардан активті қорғауды қолданды. Жоғары және төмен температура аккумуляторлардың қызмет ету мерзімінің азаюына әсер ететін негізгі фактор болып табылады, ал бұл тікелей автобустың құнын өсіреді.

Golden Dragon линейкасында электр автобустардан өзге дизельді және газбен жүретін автобустар бар, олардың артықшылығын көрсету үшін “Астана Моторс” компаниясы таныстырушы тест-драйв бағдарламаларын ашты. Бағдарлама аясында бүкіл елдегі автопарктердің сатып алмай тұрып және басқа да төлемсіз белгілі мерзімге автобусты тест-драйвке алу мүмкіндігін бар, сондай-ақ тест нәтижесіне қарай қалаішілік бағыттарда жұмыс істеу үшін автобустарды сатып алу мүмкіндігін қарастыра алады. Сонымен қатар компания клиенттер мен автобус парктеріне сервистік қызмет түрлерін ұсынбақ. Бұл мобильді сервис – компанияның техникалық мамандары жұмыстан тыс уақытта автотұрақтар аумағында, сондай-ақ сапар кезінде автобус жолда бұзылған жағдайда қызмет көрсетеді.

Үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап “Астана Моторс” компаниясының өндірістік алаңында автобустар жинап құрау реттелген, кейінірек дәнекерлеу және бояу сияқты күрделі технологиялық операциялар игеріледі. Осы автобустардың маңызды бәсекелестік артықшылықтарының бірі – Golden Dragon автобустарының барлық модельдерінде тұтас жетекші кузов және катодтық электрофорез әдісін қолданады. Бұл кузовты өңдеудің күрделі процесі, автобус кузовын түрлі химиялық қоспалары бар резервуарларға батыруға негізделген. Процесс нәтижесінде букіл кузов бойына үздіксіз жоғары берікті оқшаулау қабығы отырады.

Қазіргі кезде автобус Ақтөбе, Петропавл және Көкшетау қалаларында сынақтан өтті. Компания қазірдің өзінде Алматы қаласында автобустармен қамтамасыз ету туралы келісім-шарт жасасты, Шымкент, Түркістан, Петропавл, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Талдықорған, Орал және Маңғыстау қалалары мен облыстарында келіссөздер жүргізілуде. Көрші елдерге экспорттау жоспарланған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Открыть чат