БИЗНЕС ҚАЗАҚСТАНДІКІН ТАҢДАЙДЫ

Қазақстандағы балмұздақ және пакеттегі сүт өндіретін «Шин-Лайн» ірі компаниясы автопаркін балмұздақ тасымаладуға арналған HD 78 модельді жаңа эвтектикалық фургондармен толықтырды. Компанияға табысталған жалпы саны 12 автомобильді Hyundai Trans Auto кәсіпорны лизингтік қаржыландыру бағдарламасы бойынша шығарды. Бағдарламаның операторы – «ҚДБ-Лизинг».

HD 78 – уақыт арқылы тексерілген, маневрлы, пайдалануға қолайлы, сенімді және қуатты қозғалтқышқа ие, жүк көтерімділігі 5 тоннаға дейінгі модель. Эвтектикалық рефрижераторлы фургонның басты артықшылығы – жұмыс барысындағы және қызмет көрсетудегі үнемділігі. Суық аккумуляторлары 220v желіден зарядталады. Аккумуляторларды жеткілікті мөлшерде салқындатқаннан кейін фургон секциясының ішіндегі температура ұзақ уақыт бойы басты тоңазытқыш қондырғыны қоспастан тұрақты болып қалады. Фургонның әр секциясында 0°-ден –35°-қа дейінгі температура ұсталады. Жалпы алғанда 9 жылдық жұмыс барысында зауыт шамамен 3 мың HD 78 автомобильдерін шығарды, бүгінде олардың бәрі еліміздің түрлі аймақтарында сәтті пайдаланылып келеді.

Анықтама:

  Hyundai Trans Auto 2011 жылы Алматы қаласында «Астана Моторс» компаниясымен құрылды. Кәсіпорын халықаралық сапа стандартына сай автокөліктердің ауқымды желісін өндірумен айналысады, олардың қатарында – Hyundai County жолаушылар автобустары; Hyundai шассиі базасында жүк көтерімділігі 1,5 тоннадан 15 тоннаға дейінгі автомобильдер (бортты жүк машиналары, изотермиялық және өнеркәсіптік тауарларға арналған фургондар, рефрижераторлар); өзі аударғыштар; Hyundai H350-Ambulance маркалы «жедел жәрдем» автомобильдері кіреді. 2016 жылдан бері Hyundai Trans Auto – Қазақстандағы МАЗ маркасының ресми дилері; 2019 жылдан бері –  Golden Dragon маркалы жолаушылар автобустарын өндіру және сату жөніндегі ресми дистрибьютор.

 

Вернуться назад

Открыть чат