Алматыда Қазақстанда өндірілген электрлі автобус сынақтан өтті

Қазақстанда құрастырылған жаңа Golden Dragon электроавтобусы тестілік режимде Алматы көшелерінен жүріп өтті. Отандық   электробусты қалаға тестілік сынама үшін «Астана Моторс» компаниясы ұсынды.

Бұған дейін дәл осы автобус Нұр-Сұлтанда сынамадан сәтті өткен болатын, ал Алматыда жаңа автобустың мүмкіншілігін бірінші болып «Алматыэлектротранс» компаниясының жұмысшылары бағалады.

12-метрлік электрлі едені төмен Golden Dragon автобусы жаңа типтегі – литий-темір-фосфатты аккумулятормен жабдықталған. Бұл аккумулятор литий-ионды аккумулятордың түрі болып саналады. Осыған ұқсас өзге аккумулятормен салыстырғанда, маңызды артықтышылықтарының бірі – термиялық және химиялық тұрақтылығы, бұл батареяның қауіпсіздігін және аязға төзімділігін елеулі түрде арттырады. Оның салмағы кішкентай, энергия сыйымдылығы үлкен және зарядталу мерзімі әлдеқайқа қысқа – батарея 4 сағат ішінде толық зарядталады, ал жүру ұзақтығы 350 километр. Golden Dragon автобустардың бұл моделіне температуралық ауытқуға қарсы белсенді қорғанысты қолданды, бұл климаты күрт құбылмалы Қазақстан үшін аса маңызды.

Бұл автобустың осындай жинақталымдағы құны 137 миллион теңгені құрайды. Аталмыш бағаға валидатор, жүргізушінің шаршағандығын қадағалайтын датчик, жүргізушінің экранына сигнал беріп отыратын бейнебақылау жүйесі, климат-контроль, жолаушыларға арналған USB-ажыратқыш және автобусқа арналған 380 Вольт ағытпалы зарядтау станциясы секілді қосымша жабдықтар кіреді. Автобустың төмен едені салонға көтерілуді ыңғайлы қылады, ал арнайы жылжымалы платформа арба қолданатын адамдарға жеңіл әрі қауіпсіз көтерілуге мүмкіндік береді. Сатып алушының қалауына қарай «Астана Моторс» жеке тапсырыс бойынша, қосымша опциялары бар автобустар шығара алады.

Автобустарды «Қазақстан Даму Банкі» ұсынып отырған, автобус парктерін жаңартуға қатысты қолданыстағы жеңілдікпен несиелендіру мемлекеттік бағдарламасы аясында лизингке алуға болады. «ҚДБ-лизинг» АҚ жылына 7 пайыз несие беру мөлшерлемесімен 7 жыл мерзімге лизинг қаржылық қызметін ұсынады, бастапқы жарна келісім құнынан 15 пайызды құрайды. Электрлі автобустармен қатар дизельді және газды автобустардан тұратын Golden Dragon автобустарының артықшылықтарымен жақсырақ таныса түсу үшін «Астана Моторс» танысу тест-драйвтары бағдарламасын іске қосты. Бүкіл еліміз бойынша автопарктер сатып алусыз және қандай да бір төлемдерсіз автобусты белгілі бір уақытқа тест-драйвқа ала алады.

Қазақстандық электрлі автобус «Астана Моторс» компаниясына қарасты алматылық автомобиль құрастыру кәсіпорнының ҚР-дағы жер үстіндегі қалалық көліктерді дамыту саласындағы жаңа жобасы. Бұл қалаларымызда шынымен тапшы сенімді, экологиялық көлік.

 

Вернуться назад

Открыть чат