Алматылық зауыт Алматыға 60 экологиялық автобус жеткізеді

«Астана Моторс» компаниясы Қазақстанда құрастырылған 60 жаңа 18-метрлік Golden Dragon автобустарының партиясын жеткізеді. Сыйымдылығы үлкен автобустар жолаушылар қарқыны жоғары бағдарларға қызмет көрсететін болады. Тағы бір маңызды сәт – буындасқан автобустардың қозғалтқыштары экологиялық таза газ отынымен жұмыс істеуге бейімделген.

Автобустардың алғашқы партиясы бағдарға ағымдағы жылдың желтоқсанында шығады, қалғаны 2020 жылдың 29-қаңтарына дейін табысталады. Автобустардың барлығы «Астана Моторс» компаниясына қарасты автомобиль құрастыру кәсіпорнында жасалған, Еуро-5 стандарты талаптарына сай келеді. Едені төмен Golden Dragon автобустарында қауіпсіздіктің, бейнебақылаудың, ақпараттандырудың, диспетчерлеудің барлық жүйелері және ауа баптағыш бар. Мүмкіндіктері шектеулі жолаушылар үшін арнайы автоматты пандустар қарастырылған.

Автобустар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ның қоғамдық көліктерді отандық автобустармен қамту бағдарламасын жүзеге асыру аясында сатып алынады. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы үкіметінің қолдауымен іске қосылған және ол еліміздің автобус парктеріне техниканы 7 жыл мерзімге, жылына теңгелей 7% несиелік мөлшерлемемен, келісім құнының 15%-ын алдын ала жарна түрінде төлеу арқылы қаржылық лизингке алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бүкіл еліміз бойынша 12 жылдан аса уақыт бойы қолданылып, қатты тозған автобус парктерінің саны 6 мың бірлікті құрайтынын ескерсек, бағдарлама жолаушылар тасымалы желісінде тұрғындарға қызмет көрсету деңгейін арттыруға көмектеседі.

Golden Dragon автобустарының бәсекелестер алдындағы елеулі артықшылықтарының бірі – автобустардың барлық модельдерінде тұтас көтергіш шанақ және катодты электрофорез әдісі қолданылған. Шанақты өңдеуге байланысты бұл күрделі процесс автобус шанағын түрлі химиялық құрамдар бар резервуарларға біртіндеп батыруға негізделген. Бұл процестің нәтижесінде шанаққа үздіксіз, беріктігі жоғары оқшаулаушы қабатқа толықтай төселеді.

«Астана-Моторс» компаниясы танысу тест-драйвтары бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама аясында бүкіл еліміз бойынша автопарктер алдағы уақытта тест нәтижесі бойынша сәйкесінше автобустарды қала ішіндегі бағдарларда жұмыс істеуге сатып алуды қарастыру үшін сатып алусыз және қандай да бір төлемсіз автобустарды белгілі бір мерзімде тест-драйвқа ала алады. Сондай-ақ компания клиенттер мен автобус парктеріне сервистік қызметтің түрлі нұсқаларын ұсынғалы отыр. Бұл мобильді сервис – компанияның техникалық мамандары автопарк аумағында жұмыстан тыс уақытта, сондай-ақ автобус рейс кезінде жолда бұзылып қалған жағдайда сервистік қызметтер көрсетеді.

 

Вернуться назад

Открыть чат