«Астана Моторс» Алматыға 28 жаңа жедел жәрдем машиналарын жеткізді.
Жедел медициналық қызмет көрсету жөніндегі автомобильдер паркі «Астана Моторс» компаниясына қарасты автомобиль құрастыру кәсіпорнында өндірілген 28 жаңа Hyundai реанимобильдерімен толықты.
Кілттерді табыстау салтанатына Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Hyundai H 350 Ambulance моделі науқастарды жайлы және қауіпсіз жеткізуге қабілетті. Ол екі жағында сырғитын есігі бар оңтайлы жадбықталған салонға ие және барлық қажетті құралдармен және кондиционермен жабдықталған. Машиналардың барлығы Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған стандарттарға сай және дефибриллятор, электрокардиограф, өкпеге жасанды ауа үрлеу, оттегі балондары секілді барлық керекті құралдармен жабдықталған. Hyundai H350 көлігін құрау барысында қазақстандық үлес 33 пайызды құрайды, оның ішіне негізгі модельді заманауи жабдықтармен қамту да кіреді.
«Медициналық қызметтерді, соның ішінде жедел жәрдем бригадаларын техникалық жабдықтау ары қарай жалғасын табады. Біздің мақсатымыз – жедел жәрдем дәрігерлері «алтын уақыт» ережесін сақтап, шұғыл көмекті уақытылы көрсетулері үшін барлық жағдайды жасау» — деді Сағынтаев.
Hyundai H350 Ambulance көлігінің бәсекелестер алдындағы артықшылығына жоғары сапасы, пайдалану кезіндегі сенімділігі және ұзақ мерзімділігі жатады.
Автомобильдерге өндірушінің 3 жылдық немесе 150 000 километрлік кепілдігі ұсынылады. Жоғары сапалы сервистік қолдау қарқынды қолданыс кезінде аса маңызды.
Hyundai Com Trans Kazakhstan («Астана Моторс» еншілес компаниясы) коммерциялық техника дистрибьюторы ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігі мен ТЖМ-ін отандық өндірістегі жедел жәрдем және реанимобиль автомобильдерімен бұған дейін де қамтамасыз етіп келе жатыр.
Мысалы, 2012 жылы ТЖМ-не арнайы тапсырыс бойынша Hyundai County автобусы базасында 6 реанимобиль, 2013 жылы – 14 осындай реанимобиль, ал 2014 жылы – Hyundai H1 базалы 40 реанимобиль жеткізілді. Ағымдағы 2019 жылдың соңына дейін компания қосымша Нұр-Сұлтандағы ЖМКБ-на жедел жәрдем машиналарының 52 бірлігін, сондай-ақ Шымкенттегі ЖМКБ-на 100 автомобиль жеткізді.