807 жаңа жедел жәрдем машиналары қазақстандық дәрігерлерге 2020 жылдың аяғына дейін жеткізіледі.
Еліміздің санитарлық көліктер паркі 70%-ға ескіріп қалды және жаңартуды талап етеді. Медицина қызметкерлері әсіресе күрделі эпидемиологиялық COVID-19 жағдайында жаңа заманауи жылжымалы құрамның тапшылығын қатты сезінді.
Қазақстандағы санитарлық көліктерді жаңарту бағдарламасы аясында үстіміздегі жылдың соңына дейін еліміздің 15 аймағының медициналық мекемелеріне 807 жедел жәрдем машиналары, 11 жылжымалы медициналық кешен және COVID-19 вирусына тест жүргізуге арналған 8 мобильді зертханалық кешен жеткізіледі.
«Медицина қызметкерлерінің жұмысында материалдық-техникалық ресурстар маңызды рөл атқарады. Бұл әсіресе дәрігерлер тұрғындарға білікті медициналық көмек көрсету үшін бар күштерін жұмылдырып, қиын жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр болатын пандемия кезінде аса маңызды. Жаңа санитарлық көлік заманауи құрылғылармен жабдықталған, бұл медициналық қызметтің тиімділігін арттыруға практикалық мүмкіншілік сыйлайды», – деп «ҚДБ Лизинг» Басқарма Төрағасы Нұрлан Байбазаров атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылы Қазақстанның Денсаулық сақтау, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері «ҚДБ-Лизинг» лизингтік қаржыландыру механизмі есебінен Санитарлық көліктерді жаңарту бойынша жол картасын бекітті.
Жол картасына сәйкес, облыстық әкімшіліктердің, республикалық деңгейдегі қалалардың денсаулық сақтау басқармалары үшін қарастырылатын шарт – лизинг мерзімі 7 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі 7%, аванстық төлем қарастырылмаған, жеңілдік кезеңі 12 айға дейін. Осы мақсатта 31,8 млрд теңге сомасында қаржыландыру ұйымдастырылды. Машиналарды жеткізушілер – отандық өндірушілер «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «СемАз» ЖШС, Hyundai Trans Auto ЖШС.
«Біздің мақсатымыз – жеткізуді жылдам арада бастау, бұл бағдарлама әлеуметтік күшке ие, ол тек жұмыс орындарын сақтап қалып, отандық автомобиль өнеркәсібіне қолдау көрсету дегенді білдірмейді, сондай-ақ бұл қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған шаралар»,– Қазақстандық АвтоБизнес Қауымдастығындағылар деп айтты.