ШЫМКЕНТКЕ 100 ЖАҢА «ШҰҒЫЛ ЖӘРДЕМ» КЕЛІП ЖЕТТІ
ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңындағы салтанатты рәсімде қала әкімі Ерлан Айтханов дәрігерлер мен фельдшерлерге жаңа көліктің кілтін табыстады.
Салтанатты іс-шара барысында Шымкент қаласының Әкімдігі «Жедел медициналық жәрдем – заманауи автомобильдермен жабдықталуы тиіс денсаулық сақтаудың алғашқы сатысы, – екенін атап өтті.
Заманауи «жедел жәрдемдер» қозғалтқышының сенімділігі мен конструкциясының беріктігі арқасында үнемді және ұзақ мерзімді пайдалануға жарайды. Машиналар «Астана Моторс» компаниясының автомобиль құрастыратын кәсіпорнында өндірілген, кәсіпорын жүріске шектеу қоймастан, 3 жылдық өндірістік кепілдік ұсынады.
Соңғы жарты жылда осындай 80 автомобиль Алматы мен Нұр-Сұлтанның автопарктерін толықтырып үлгерді және науқастарға қызмет көрсетуді бастап кетті.