АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР АВТОПАРКІНДЕГІ ЖАҢА ТОЛЫҚТЫРУЛАР

«Мадина» ЖШС автопаркі «Астана Моторс» компаниясының автомобиль құрастыратын кәсіпорнында өндірілген 13 жаңа Golden Dragon автобустарымен толықты. Көп ұзамай автобустар Шевченко-Сейфуллиннен басталып, «Шаңырақ-5» ықшамауданымен аяқталатын №25 бағдарға қызмет көрсетуге шығады. Бағдардың жалпы ұзындығы бір бағытта 23 км-ден асады.

Автобустар операторы «БРК-Лизинг» АҚ саналатын автобус паркін жаңарту бойынша қаржы лизингі бағдарламасы аясында сатып алынды. Бағдарлама Қазақстан Республикасы үкіметінің қолдауымен іске қосылған, ол еліміздегі автобус парктеріне техниканы шарт құнының 15%-ын алдын ала төлем жасай отырып, жылына теңгемен 7% кредиттік мөлшерлемемен 7 жылға қаржы лизингісіне алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда тұтас ел бойынша 12 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келгендіктен, қатты тозған автобус парктері 6 мың бірліктен асатынын ескерсек, бағдарлама жолаушыларды тасымалдау желісінде халыққа қызмет көрсету сапасының деңгейін арттыруға жағдай жасайды.

Едені төмен келетін жаңа Golden Dragon автобустары мүмкіндігі шектеулі адамдар мен арбадағы балаларды тасымалдауға арналған пандустармен жабдықталған және Еуро-5 стандарттарының талаптарына сай. Жолаушылардың жалпы сыйымдылығы – 80 адам, ұзындығы 10,5 метр. Кондициялау жүйесі, бейнебақылау және салондағы жолаушыларды бейнехабарландыру жүйесі қосымша жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Алынған автобустар жолаушылар ағынын есептегішпен және жанармай шығынын есептейтін датчикпен жабдықталады, сондай-ақ билеттендірудің электронды жүйесін енгізу қарастырылған.

Golden Dragon автобустарының модельдер қатары қаланың сенімділік, жайлылық, жолаушылардың қауіпсіздігі, пайдаланудағы тиімділік секілді барлық заманауи қажеттіліктеріне жауап береді. Кешендегі барлық артықшылықтар бірлесе келе үздік көрсеткіштердің бірін береді – бұл автобусты иелену құнының төмендігі. Оның үстіне «Астана-Моторс» компаниясы еліміздің барлық автобус парктері үшін тегін тест-драйв бағдарламаларын іске қосты. Сондай-ақ сервистік қызмет көрсетуге қатысты бірнеше ыңғайлы нұсқаларды дайындады, осының арқасында компания мамандары барлық қажетті құралдарымен автобус парктеріне келіп, түнгі уақытта техникалық қызмет көрсете алады немесе оны бірден қатарға қосу үшін автобусты жөндеуді тура сынған орнында жүзеге асырады. Болмаса автобус парктерінің мамандарын олар Golden Dragon автобустарына қызмет көрсете алатындай және бұл қолданыстағы кепілдік талаптарына ықпал етпейтіндей оқыту жұмыстарын жүргізеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Открыть чат