«Астана Моторс» «ҚДБ Лизинг» АҚ арқылы Нұр-Сұлтан қаласына Қазақстан Республикасында санитарлық көлікті жаңарту бойынша жол картасы аясында реанимобильдердің алғашқы топтамасын (14 бірлік) мерзімінен бұрын жіберді.
Жалпы алғанда «Астана Моторс» еншілес кәсіпорны – Hyundai Trans Auto елдің 14 өңіріне озық неміс және италиялық медициналық жабдықпен – дефибрилляторлармен, жасанды тыныс алдыру аппараттарымен, электрокардиографтармен (ЭКГ), т.б. жабдықталған Hyundai H350 Ambulance реанимобильдерінің 341 бірлігін жеткізетін болады.
Автокөлік Кедендік одақтың техникалық регламентіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жолаушыларды тасымалдайтын көлік құралдарына қоятын талаптарына және Еуро-5 экологиялық стандарттарына сай келеді.
«Медициналық жедел жәрдем станциясы мен Полиция департаменті үшін 114 көлік! Олардың 65 бірлігі полиция қызметкерлеріне берілді, тағы 14 көлік жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді. Жылдың соңына дейін медициналық қызметкерлерге тағы 35 автокөлік беріледі. Ертеректе 50-ден астам автокөлік берген болатынбыз. Осылайша бір жылға жетпес уақыт ішінде жедел жәрдем станциясының автопаркі шамамен екі жарым есеге ұлғайды. (Өткен жылдың желтоқсан айында паркте 64 автокөлік болатын, енді бұл сан 165-ке артады)», – деді елорда әкіміАлтай Көлгінов.
COVID-19 пандемиясы жағдайында елдегі 57%-ға ескірген (ҚАБҚ деректері бойынша) санитарлық көлікті жаңарту қажеттілігі күрт артты. Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсырмасы бойынша коронавирустың таралуына жол бермеу үшін «Астана Моторс» автокөліктерді келісімшартта белгіленген мерзімнен бұрын жеткізу үшін Hyundai H350 Ambulance өндірісінің қарқынын арттырды.
«Hyundai H350 Ambulancе – бұл жоғары деңгейлі медициналық жабдықтармен жасақталған жедел жәрдем көлігінің жоғары технологиялық түрі. Ол Қазақстан тапсырысы бойынша, автокөлік елдің әртүрлі өңірлерінің климаттық жағдайларын ескере отырып арнайы әзірленген. Сонымен қатар, бұл автокөлік техникалық қызмет көрсетуде қарапайымдылығымен ерекшеленеді және жедел жәрдем саласында жұмыс көлемінің артуын ескере отырып шектен тыс қызмет көрсетуге дайын», – деді «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев.
Қазақстанда жиналған алғашқы Hyundai H350 Ambulancе 2018 жылғы наурыз айында Hyundai Trans Auto желісінен шығарылды. Екі жыл ішінде зауыт 370 жедел жәрдем көлігін шығарды, оның ішінде 2019 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының медициналық мекемелеріне Hyundai H350 Ambulancе көлігінің 185 бірлігі жеткізілді. Hyundai H350 Ambulancе моделі дүниежүзілік нарықта қуатты қозғалтқышы бар, қауіпсіз, сенімді, икемді, функциялық, клиент пен персонал үшін ыңғайлы көлік ретінде өз орнына ие болды. Автокөлік пайдаланушылары пациенттерді тасымалдаған кезде өте маңызды болатын жүрісінің жұмсақтығын, кондициялау және желдету жүйесін, жарықдиодпен жарық беру және жағармайдың үнемді жұмсалуын ерекше атайды. Өндіруші зауыт Hyundai H350 Ambulance автокөлігіне үш жылға немесе 150 мың км қашықтыққа кепілдікті, сонымен қатар «Астана Моторс» өкілетті дилерлік орталықтарында кепілдіктен кейін қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Медициналық жабдыққа кепілдік қызмет – пайдалануға берген сәттен бастап 37 ай.
Жалпы алғанда 2020 жылы Қазақстан Автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ) деректері бойынша «Жол картасы» аясында «ҚДБ Лизинг» АҚ арқылы отандық өндірушілер қалалар мен өңірлерге санитарлық көлік құралының 1167 бірлігін тапсырмақшы.
«Бүгінгі күні қаржылық лизинг құралы бастапқы жарнасыз, сондай-ақ жеңілдікті пайыздық мөлшерлеме мен негізгі борышты жеңілдікпен өтеу сияқты ыңғайлы шарттарды ұсынатын жедел, коммуналдық қызмет техникаларын жаңартудың тиімді нұсқасы» – деді «ҚДБ Лизинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров.
Облыс әкімдіктерінің, республикалық маңызы бар қалалардың басқармалары автопарктерін «ҚДБ Лизинг» АҚ лизингтік қаржыландыруы есебінен жеңілдік шарттарымен жаңартуға мүмкіндік беретін Жол картасы 2019 жылы бекітілгенін естеріңізге сала кетейік.
Қазіргі таңда «Астана Моторс» лизинг шартының аясында H350 Ambulance 341 бірлігінің 14 жедел жәрдем көлігі Нұр-Сұлтан қаласына жіберілді. Тағы 327 автокөлік жақын арада өңірлерге жөнелтіледі.
АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА
Hyundai H350 Ambulance – озық медициналық жабдықтармен жасақталған жедел жәрдем автокөлігі:
- «Кардиометр-МТ» жүрек-қан тамырлары жүйесінің функциялық күйін автоматты түрде жан-жақты бағалау кешені, жасалуы КФС-01.001, («МИКАРД-ЛАНА», Ресей);
- Митар-01-«Р-Д» физиологиялық параметрлерді бақылауға арналған реанимациялық және анастезиологиялық монитор («Монитор» ҒТК, Ресей);
- Carrera Pro T қабылдауыш құрылғысы бар медициналық, жедел жәрдемдік арба (Spenser, Италия);
- ACCUVAC Pro тасымалды электрлік аспиратор (WEINMANN Emergency Medical Technology GmbH + Co. KG, Германия);
- ULM CASE салғыш шабадан (WEINMANN Emergency Medical Technology GmbH + Co. KG, Германия);
- MEDUMAT Standardᵃ, MEDUMAT Standard² өкпені жасанды желдету аппараты (WEINMANN Emergency Medical Technology GmbH + Co. KG (Германия);
- Corpuls1 дефибрилляторы (GS Elektromedizinische Gerate G. Stemple GmbH, Германия).
Hyundai Trans Auto коммуналдық кәсіпорындар мен жеке ұйымдарға арнаулы коммерциялық техника шығарады.Техниканың ресми дистрибьюторы – «Астана Моторс» ҚМК құрамына кіретін Hyundai Com Trans Kazakhstan.