«АСТАНА МОТОРС» АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТЕХНИКА ЗАУЫТЫН КЕҢЕЙТУГЕ 4,13 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАЙДЫ

Аcтана Моторс» ұсақ түйінді әдіспен шығарылатын модельдер қатарын кеңейтеді. Компания Hyundai Trans Auto еншілес кәсіпорнында аз тонналы Hyundai жүк автокөліктерін құрастыру, кабиналарын дәнекерлеу және бояу цехтарын салуға кіріседі.

2021 жылдың соңына дейін Hyundai Motor Company-мен (Оңтүстік Корея) жасалған келісім шеңберінде Hyundai Trans Auto зауыты жүк көтергіштігі 3,5-тен 9 тоннаға дейін болатын Hyundai Mighty ЕХ6, ЕХ8 және ЕХ9 аз тонналы жүк көліктерінің ұсақ түйінді өндірісі желісін, оның ішінде жүк тасымалдаудың барлық арнайы шарттарына жауап беретін коммуналдық техниканың, фургондар мен борттық платформалардың түрлі модификацияларын іске қосады.

Автомобильдер экологиялық стандарттарға сәйкес келеді, қауіпсіздігімен, эргономділігімен және жайлылығымен ерекшеленеді.

Сонымен қатар, 2021 жылы Hyundai Trans Auto Golden Dragon автобустарының өндірісін кеңейтеді. Жалпы алғанда, құрылыс және қайта құру аяқталғаннан кейін кәсіпорынның ауданы, 9,5 мың шаршы метр ауданда орналасқан жаңа цехтарды қоса алғанда, 14 мың шаршы метрді құрайды.

«Hyundai Trans Auto әр модель бойынша дәнекерлеуді, бояуды игере отырып, тәжірибе жинақтайды және дамиды. Кәсіпорынның кадрлық, экспорттық, инвестициялық әлеуеті артып келеді. «Астана Моторс» өзінің стратегиялық жоспарын ұстанады яғни өндіріс технологиясын тереңдетіп, өткізу нарығын кеңейту. Біз үшін отандық автоөнеркәсіпті дамытуға үлесімізді қосу маңызды«, – деп атап өтті «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев.

 

Естеріңізге сала кетейік, Hyundai Trans Auto отандық кәсіпорны 2011 жылы «Астана Моторс» пен Hyundai Motor Company арасындағы өзара түсіністік пен тиімді ынтымақтастық туралы меморандум аясында құрылған.

Бүгінде Hyundai Trans Auto 238 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ұсақ түйінді өндірістің кеңеюімен кәсіпорында 350 адам жұмыс істейтін болады, қазақстандық қамту үлесі артады, ТМД елдеріне автомобильдер экспортының көлемі ұлғаяды.

Зауыт автокөліктердің кең желісін – коммуналдық кәсіпорындар мен жеке меншік ұйымдарға арналған мамандандырылған коммерциялық техниканы, оның ішінде борттық жүк көліктерін, изотермиялық және өнеркәсіптік тауарлық фургондарды, рефрижераторларды, өзітүсіргіштерді, қоқыс тасығыштарды, өрт сөндіру машиналарын, жолаушылар автобустарын, реанимобильдерді ұсынады.

Қазақстандағы Hyundai, МАЗ, Golden Dragon коммерциялық техникасының ресми дистрибьюторы Hyundai Com Trans Kazakhstan, «Астана Моторс» еншілес компаниясы http://hyundaitrucks.kz/

 

 

Открыть чат