Hyundai Trans Almaty— Алматы қаласында 2011 жылдың қаңтар айынан бері жұмыс істейтін заманауиөндірістік кәсіпорын.

Зауыт Astana Motorsкомпаниясының құрамына кіреді және Hyundai, Golden Dragon, Foton және BYDмаркалы коммерциялық, жолаушылар және арнайы техниканы толық цикл бойыншаөндіреді.

Зауыт келесітехникаларды шығарады:

  • түрлімақсаттағы автобустар (қалалық, мектептік, туристік);
  • жеделмедициналық көліктер (реанимобильдер);
  • борттықжүк көліктері, изотермиялық және тауарлық фургондар;
  • тоңазытқыш-фургондар,өрт сөндіру машиналары, қоқыс тасығыштар, автоцистерналар, эвакуаторлар жәнебизнес пен мемлекеттік ұйымдарға арналған басқа да арнайы техника.

2023 жылы HyundaiTrans Almaty зауытында дәнекерлеу және бояу операциялары бар ұсақ торапты (CKD)өндіріс желілері іске қосылды:

  • HyundaiMighty жүк көліктерін шығару желісі;
  • GoldenDragon автобустарын шығару желісі.

2024 жылы зауыттаауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді:

  • жаңаөндірістік цехтар салынды;
  • Қазақстандағыалғашқы катафорездік бояу цехы пайдалануға берілді;
  • HyundaiPorter кабиналарын дәнекерлеу желісі іске қосылды;
  • қондырма(фургондар, кран-манипуляторлар, эвакуаторлар, қоқыс тасығыштар,автоцистерналар және т.б.) өндірісі жетілдірілді.

Жаңғырту нәтижесіндеөндіріс аумағы шамамен үш есеге ұлғайып, 7 000 м²-ден 19 400 м²-ге дейін өсті. Кеңейтугесалынған инвестициялар көлемі 12,8 млрд теңгені, ал Astana Motors компаниясыныңзауытқа жалпы инвестициясы 18,7 млрд теңгеден (≈ 48,2 млн. доллары) асты.

Бүгінде зауыт келесітехникаларды өндіреді:

  • Hyundai Porter, Hyundai Mighty (EX8, EX9, EX10) және Foton(Aumark S100, S120, Toano Van) жүк көліктері;
  • Golden Dragon жәнеFoton Toano Bus автобустары.

2025 жылдан бастап зауыт базасында BYD электр автобустарының өндірісі іске қосылды — бұл Қазақстандағы алғашқы экологиялық таза, заманауи технологиялармен жасалған көлік түрі.